АРАЛ ӨҢІРІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДИАЛОГ
Тараз қаласында өткен "Аралға су келе ме?" Экомарафон-2 халықаралық конференциясы өтті.
"Аралға су келе ме?" Экомарафон-2
Тараз қаласында өткен "Аралға су келе ме?" Экомарафон-2 конференциясына қатысқан жергілікті делегаттардың күнделігінен
Ұлттық Құрылтай 2026 жыл, Қызылорда.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 20 қаңтарда Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында ел болашағы үшін аса маңызды бірқатар стратегиялық мәселелерге тоқталып, олардың ішінде Арал теңізін құтқару мәселесін айрықша атап өтті. Мемлекет басшысы өз сөзінде Арал проблемасының тек аймақтық емес, жаһандық сипатқа ие екенін, оны шешу үшін тек ішкі шаралар ғана емес, халықаралық деңгейдегі су дипломатиясы қажет екенін нақты әрі ашық жеткізді.
National Kurultai held in Kyzylorda, 2026
As a result of the prevailing socio-political environment, on January 20, 2026, at the Fifth Session of the National Kurultai held in Kyzylorda, President of the Republic of Kazakhstan Kassym-Jomart Tokayev addressed a number of strategically important issues for the future of the country, placing special emphasis on the problem of saving the Aral Sea.
In his speech, the Head of State clearly and openly stated that the Aral problem is not only regional but global in nature, and that its solution requires not only domestic measures but also active international water diplomacy.
Белден басып, беттен алып....
Ахаева Бибі-Ажар (1974 жылы туған), Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кентінің тұрғыны, «Аралтұз» акционерлік қоғамында жұмысшы болып қызмет атқарып келеді.
2025 жылғы 26 желтоқсан күні «Аралтұз» АҚ кәсіпорнының ауласында, жұмыс уақытында, тікелей еңбек міндетін орындау барысында (кәсіпорын аумағын қардан тазалау кезінде) баспалдақтан тайып құлап, ауыр дене жарақатын алған. Аталған оқиға орнында жедел-жәрдем шақырылып, Арал аудандық ауруханасына жеткізілген.
Арал теңізі туралы бейнеролик
"Байтақ" жасылдар партиясы - Аралмен бірге!
"Байтақ" жасылдар партиясының 4 съезінде партия басшылығы ҚР Премьер-министрі О.Бектеновке Арал экологиялық апат аймағында өмір сүріп жатқан халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыратын, экологиялық сауықтыратын Үндеу жолдады
Арал теңізінің тағдыры мен 1932 жылғы Тоқабай көтерілісі туралы ащы шындық.
Белгілі инженер-гидротехник, жазушы, өлкетанушы Әлібек Сабырбаевтың Арал теңізі қасіретіне арналған "Құмда қалған кемелер" және ардагер-ұстаз, белгілі қаламгер, өлкетанушы Үргенішбай Қуатовтың 1932 жылдардағы қылышынан қан тамған коммунистер дәуіріндегі Тоқабай, Қарақұм көтерілісінің ащы шындығын ашып жазған еңбегі. Кітапты сатып алуға ниет білдіргендер +7 775 596 81 33 Жомарт телефон нөміріне хабарласуға болады. Бір кітап құны 4000 теңге жеткізуімен.
"Азаматтық бастамалар орталығы" ҚҚ төрағасы Жомарт Қартбаевтың жаңа жылдық құттықтауы.
Қайырымдылық жасайық
Ақтөбе облысы әкімшілігі мен "Азаматтық бастамалар орталығы" ҚҚ жаңа жыл қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балаларға сый-сыяпат жасады.
Теңіздің көз жасы
Аққулары ұясын, балықшылар қайығын, жерін тастаған су - Арал теңізінің тағыдыры туралы. 2025 жылдың желтоқсан айында түсірілген шынайы кадрлар. Аралға су келіп, кемерінен асып-тасып, балығы тулап жатыр деп аспанға бөріктерін атқандарға шынайы жауап, көрініс.
Thears of the Sea
The fate of the Aral is not dry statistics. It is broken lives, abandoned villages, and the tragedy of generations who lost their destiny together with nature. The Aral is not a natural disaster. It is a mistake made by human hands. We cannot return the past, but we are responsible for the future. Even if the water has receded, the people’s voice has not fallen silent. The truth is painful. But without truth, there is no future. The purpose of this film is not to search for the guilty. It is a call to those who can hear, a warning to those who can think. The Aral’s tears will one day stop… if we can become the reason for that.
Аралтұз тағы да шулатты
Аралтұз кәсіпорны басшылығы тағы да "айды" аспанға шығарып жатыр. Бұл жолы түпнұсқа әдістен асып түсуге шешім қабылдаған сияқты: тұзды жуған су қалдығын кәсіпорын іргесінен ауылдың қақ ортасына ағызып, "жасанды сор көл" жасап жатыр. Ал негізінде, санитарлық және экологиялық нормалар бойынша, бұл қалдық су арнайы өңделген трубалар арқылы қайта өңделуге немесе тұз көлі айдынына қайта құйылуы тиіс еді. Оған арнайы насос орнатылып, тұрақты мониторинг жүргізілетін жағдайда экологиялық тепе-теңдік сақтала алар еді.
Арал сегодня
**Текущее состояние Аральского моря. Съёмка проведена 5 декабря 2025 года.**
Е.Жаңабергенова - "Аралым айдын шалқарым"
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері , Мәдениет қайраткері өнертану ғылымының кандидаты , профессоры , композиторлар мен айтыс-жыр одағының мүшесі , Қазақстанның құрметті азаматы жырау Жаңаберген
Елмұра Манасқызы
Салтанат Ерсұлтан - "Ойлан" (толғау)
Салтанат Ерсұлтан - Қазақстанның 100 жаңа есім иегері, Қырғыз елінің Халықаралық " Рух санаты" конкурсының бас жүлдегері әнші-жыршы. Бейнебаян ЖИ көмегімен ойдан құрастырылған.
Жақсы сөз - жаныңды жадыратар, жаман сөз - жаныңды жауратар
Келешекті сөздерімен болжап кеткен қайран біздің бабалар
Кеңессіз сөзді бастама
Елмұра Жаңабергенова — дәстүрлі әнші, жыршы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Өнертану ғылымының кандидаты (доктор), Ғылым және білім министрлігінің қауымдастырылған профессоры, жерлесіміз. Елмұра Жаңабергенованың қызы әрі шәкірті Салтанат Ерсұлтан да анасының жолын қуған екен. Өнері де тамаша
Аралдықтардың арманы
Арал өңіріндегі экологиялық апаттан зардап шеккен халықты әлеуметтік қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы №1468-XII «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» қабылданған Заңы туралы дайындалған бейнероликті тамашалаңыз.
"Халық поезы" - халық игілігі үшін!
2 сәуір 2025 жылы Ақтөбе теміржол стансасынан Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті стансасына бағыт алған жаңа поездың алғашқы сапары басталды. Екі өңірдің халқы үшін пайдасы мол, әсіресе қыс айларында тоңып-шашырап таксимен қатынауға мәжбүр болған халық бүгінде оған, яғни №630 Ақтөбе-Қазалы және №629 Қазалы-Ақтөбе жолаушылар поезына "Халық поезы" деп айдар тағып үлгерген. Халықтың тиісті сала басшыларына айтар алғыстары шексіз. Бұған мұрындық болған Ақтөбе қаласындғы "Азаматтық бастамалар орталығы" қоғамдық қозғалысы, төрағасы Жомарт Қартбайұлы.
Экомарафон-2022
"Тұран ойпаты-Арал теңізі" ҚБ нің ұйымдастыруымен өткен Экомарафон-2022 акциясы туралы бейнеролик
Айтылмаса сөз жетім
Қазақ қашан да сөзге тоқтаған, сөздің қадірін білген ерекше ұлт. Әрбір айтылған орынды сөздің астарында салмақты ой жатыр.
Аралтұз-халық байлығы!
Кезінде ақ алтыны-тұзымен Одақ былай тұрсын, алысты-жақын шет елдерге танымал болған тұз кеніші "Аратұздың" бүгінгі шынайы бет-бейнесі қандай?
АҚ АЛТЫННЫҢ ҚЫМБАТ БАҒАСЫ: «АРАЛТҰЗ» КӨЛЕҢКЕСІНДЕГІ ЖҰМЫСШЫ ТАҒДЫРЫ
Бір ғасырға жуық елдің игілігіне жұмыс істеп келе жатқан «Аралтұз» бүгінде қиын жағдайда. Цехтардың тозуы, жабдықтардың кеңестік кезеңнен бері ауыстырылмауы, жұмысшылардың еңбекақысының төмендігі мен еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы — бұл бәрімізге белгілі шындық. Ал осының бәрін түзетудің орнына, облыс басшылығы жаңа серіктестікке жүздеген миллион теңге қаржы бөліп отыр. Сонда бұл кімнің мүддесін қорғау?
Теңіздің көз жасы
Кезінде Одаққа танымал болған әлемде көлемі жағынан төртінші орынға ие болған, аумағы 68 000 шаршы шақырымды, тереңдігі 68 метрді құраған, 36 дан астам балық түрі мекендеген Арал теңізі туралы, экологиялық ахуалы жайында бейнематериалдар, жаңалықтар туралы.
АРАЛДЫҢ АЙТЫЛМАҒАН АҚИҚАТТАРЫ
Су министрлігінің су жаңа министрімен өткен кездесуде қоғам белсенділерінің олардың Арал теңізіне құйылып жатқан су мөлшері жөніндегі ақпараттарының жалған екендігін айтқанда, министр Нұржан Нұржігітов мырза олардың сөзінің дәлелі жоқтығын айтып, назарға алмаған. Сонда министр мырза сол өңірде тұратын, азабын күнделікті тартып отырған халықтың сөзіне құлақ аспағаны ма?
Аралды құтқаруға болады
Тарихы сонау неоген дәуірінде басталған, көлемі жағынан әлем бойынша төртінші орын алған Арал теңізі қазіргі таңда мүлдем құрып кетудің алдында тұрғанын біреу білсе, біреу білмес. Өзегіне су тамызып тұрған Әмудария мүлдем құймайды. Ал, Сырдария өзені болса егістік алқаптарға бұрылып, адамзат баласының "тойымсыздық құрбаны" болып отыр.
Тағылымды кездесу
Шоқантанушы, аттилатанушы және испан тілінің маманы, аудармашы, тарих ғылымының кандидаты, ғалым, профессор Самат Көшенұлы Өтениязовпен Ақтөбе қаласындағы №79 жайлы орта мектебінде өткізілген кездесу.