АРАЛДЫҚТАРҒА ҮНДЕУ!
ӨЗ ЖОҒЫМЫЗДЫ ӨЗІМІЗ ТҮГЕНДЕМЕСЕК....
Арал теңізінің қасіретін бүгінде бүкіл әлем біледі, сезінеді десек те, оның шынайы тағдырын, жан жарасын, қасіретінің салмағын Аралда туып-өскен, өмірі мен тіршілігі теңізбен біте қайнасқан, кіндіктері теңізбен жалғанған Арал жұртының өзінен артық ешкім ұғына алмайды. Себебі, олар көз алдарында теңіз Анасының бір кездері шалқып жатқан айдыны күн сайын шегініп, тартылып, тағдыр жұлдызы сөніп бара жатқанын көріп келеді. Жүректерімен сезініп, көңілдерімен ұғынып, көкіректері қарс айырылып, жанарларынан жас парлап жылап отырғанымен – қолдарынан келер қауқар жоқ. Ал қолдарынан келетіндер, яғни теңіздің тағдырын шешуге шамасы жететіндер – көбіне үнсіз. Бәлкім, «туғаныңды көрмедім, өлгеніңе қайғырмаймын» деген бейқамдыққа салынып отырған болар. Бірақ шындығында бұл тек бір өңірдің емес, күллі адамзаттың мәселесі. Егер Жер шарының барлық баласы бірігіп, ортақ күш-жігермен әрекет етпесе, Аралдың да, оның төңірегіндегі халықтың да болашағы бұлыңғыр. Бүгінгі таңда Арал теңізінің нақты жағдайы қандай? Су деңгейі қай дәрежеде? Жылына қанша текше метр су келіп жатыр? Ал сол маңдағы халықтың әлеуметтік ахуалы, денсаулығы, тұрмыс-тіршілік деңгейі ше? Бұл сұрақтарға нақты, ашық жауап беретін ақпаратты әлем жұртшылығы түгел біле бермейді. Бүгінгі заманда ақпарат кеңістігі кеңінен дамыған. Осындай мүмкіндіктер бар кезде неге біз Аралдың шындығын, экологиялық апат аймағының қасіретін ғаламға паш етпейміз? Әрине, болады. Тек тіл бар, жүрек сезеді, бірақ әрекет етуге дәрмен аз. Осы мақсатта біздер «Теңіздің көз жасы» атты қысқаметражды деректі-қойылымды фильмнің сценарийін әзірледік. Бұл фильм – жай ғана көрініс емес, Аралдың бүгінгі шындығын, оның көз жасын, теңізбен бірге талықсып бара жатқан халықтың тағдырын айнадай көрсететін рухани үндеу. Алайда, ең үлкен кедергі – қаржы тапшылығы. Фильмді түсіруге 5 350 000 (бес миллион үш жүз елу мың) теңге қажет. Бұл сома біреулерге көп те емес, аз да емес шығар. Бірақ біз үшін – теңіздің соңғы тамшысындай, үміттің соңғы ұшқыны сияқты қымбат. Бүгінге дейін біз талай есікті қақтық, талай табалдырықты тоздырдық. Көпшілігі түсінгендей кейіп танытқанымен, нақты іске келгенде үнсіздік орнайды немесе әртүрлі сылтаулар айтылады. Бірақ біз үміт отын өшірмедік. абыройына, Бүгінгі өтінішіміз – жай ғана қаржылай көмек сұрау емес. Бұл – теңіздің тағдырына, ұлттың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікке үндеу. Біз Сізге қазақтың елін сүйген, жұртының қайғысына бейжай қарамайтын, игілікке бастайтын істерге дем беретін азамат деп сеніп, осы хатты жолдап отырмыз. «Азаматтың азаматы бар – сын уақытта табылар, Қазанаттың қазанаты бар – аламанда танылар» дегендей, біз Сіздің де ел мен жер алдындағы азаматтық тұлғаңызға үміт артамыз. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ. Айту – парыз, сұрау – борыш, өтініш білдіру – үміт. Ал ол үміттің ақталуы – Сіздер секілді елдің арқа сүйер азаматтарының қолында. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, ауызбіршілік бар жерде қай уақытта да тірлік болады. Қарлығаштың қанатымен су сепкендей, әрбір жүрегінде Аралға деген сағынышы, отансүйгіштігі бар азамат үлес қосады деген сенімдеміз.
Әрине, бір фильм түсіргеннен Арал теңізінің проблемасы ешіле қалмас деп ойлайтындарыңыз да болуы мүмкін. Бұл - ақиқат. Дегенмен, өз жоғымызды өзіміз түгендемеске, сырттан келіп ешкім жасап бермейді. Оғар жарты ғасырдан бергі уақыт куә, айғақ. "Әрекетке берекет" деген. Бірақ, кейде түймедей қимыл, таудай мәселені шешеді. Соны ұмытпайық, ағайын. Ә!рбір Аралдық азамат ең болмағанда 1000 теңгеден жинаса, көл болады.
Ақша аударуға қажетті нөмір: +7 776 312 19 51 Сахаш С.
Мүмкін, осы үндеу арқылы өшкеніміз жанып, үмітіміз қайта тұтанар. Алла Тағала Сізге ұзақ ғұмыр, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, әулетіңізге шаттық пен береке нәсіп етсін.
Құрметпен, «Теңіздің көз жасы» жобасының бастамашыл тобы атынан Жомарт Қартбайұлы
Made on
Tilda