"БІР ТАМШЫ, БІР ҮМІТ" ХАЛЫҚТЫҚ АРАЛДЫ ҚОРҒАУ ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ
АРАЛ ТАҒДЫРЫ - АДАМ ТАҒДЫРЫ.
"БІР ТАМШЫ, БІР ҮМІТ" ХАҚҚ ТУРАЛЫ

«Бір тамшы - Бір үміт» халықтық Аралды қорғау қоғамдық қоры (бұдан əрі Қоғамдық қор) - əлеуметтік, қайырымдылық, тарихи, мəдени, білім беру, экология, қоршаған орта, азаматтардың бастамаларын жəне басқа да əлеуметтік пайдалы мақсаттарды көздейтін азаматтар мен заңды тұлғалардың ерікті мүліктік жарналары негізінде Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» жəне «Қайырымдылық туралы» Заңдарына сəйкес құрылған, мүшелігі жоқ коммерциялық емес қайырымдылық ұйымы.

МАҚСАТЫМЫЗ

Арал өңіріндегі тарихи, әлеуметтік, экологиялық және экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған тәуелсіз халықтық қозғалыс. Қордың миссиясы – Арал теңізін және оның айналасындағы тіршілікті сақтап қалу, экожүйені қалпына келтіру, жергілікті халыққа қолдау көрсету және келешек ұрпаққа үміт сыйлау.

ҮНДЕУ

Бір кезде өмір мен тіршіліктің бесігі болған ұлы теңіз бүгінде үнсіз. Оның тартылған табаны — табиғаттың ескертуі. Аралдың қасіреті — бір өңірдің ғана емес, бүкіл адамзаттың ортақ қайғысы.

Біз су мен жерге құрметпен қарауды, табиғатқа қиянат жасамауды үйренуіміз керек. Өйткені табиғатсыз — тіршілік жоқ.

Арал бізден көмек күтеді — енді үнсіз қалу мүмкін емес.

СУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫ

Made on
Tilda